Бейсенбі, 18 Шілде

    *
    *
    *
    *
    *
    *
    *
    *
    *
    *

    (*) жұлдызшамен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет.


КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖЕКЕ ТРАЕКТОРИЯСЫ

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму үшін дайындығына, оны басқару қабілеттілігіне көп талаптар қояды. Кәсіби дамуды басқару қабілеттілігі кәсіби маңызды жеке қасиеттердің дамуын, пәндік саладағы білімдердің, біліктілік санаттың арттыруын, кәсіби өсуін және т.б. қамтиды.

Басқару құралы болып, білім берудің теориясы мен тәжірибесіне еніп жапқан, кәсіби дамудың жеке траекториясы табылады. Оның мазмұны мен құрамдастарын анықтау амалдары көп.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» авторлық ұжымы «Педагогтің кәсіби дамудың жеке траекториясы» атты электрондық ресурс жасады. Оның негізі – Гант Диаграммасын пайдалана отырып, жасалған өзіндік білім алу мен өзіндік дамуды жоспарлауға арналған міндет-ұсыныстар болып табылады  (Сопровождение профессионального развития педагога: проект. – 2-і бас., - Петропавл: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» 2014. – 54 б.).

Электрондық ресурс курстан кейінгі мерзімде кәсіби дамудың жеке траекториясын:

-курстағы оқу нәтижелері мен мазмұнның рефлексивті түсіну;

- ұстаз тұлғасы және педагогикалық қызмет туралы  нормативтік және идеалды түсінік алу;

- кәсіби қиындықтарды талдау;

- бар ресурстарды, құралдарды АК технологиялар арқылы жинақтау негіздерінде құруға мүмкіндік береді. 

 

button0 kz

Сауалнама

anketa
Сіз мындасыз: Ақпарат Кәсіби дамудың жеке траекториясы